jasqazaq.kz

Ақша бопсалау түрмеге тықты: Алматыда журналистер сотталды

04 желтоқсан 2023, 16:30

Алматыда ерлі-зайыпты журналистер Владимир және Нарғыз Северныйларға қатысты сот үкімі шықты.

Сотта анықталғандай, Владимир Северный «Берекет Ф» ЖШС туралы бернеше рет жағымсыз материалдар жариялаған. Биылғы сәуір айында ерлі-зайыпты журналистер қаладағы мейрамханалардың бірінде компания басшысы Фаталиевпен кездесіп, 15 млн теңге ақша бопсалаған. Айтқан ақшаны төлесе, жағымсыз жазбалар жарияланбайтынын айтқан.
Екеуі Фаталиевтен 5 млн теңге алып жатқанда ұсталды.

2019 жылы Нарғыз Северная әлеуметтік желіде Алматыдағы кофехана туралы жағымсыз жазба жариялайды. Осы материалдарды газетке шығарамын деп үшін кофехана иесі Дмитрий Дремасовтан 500 мың теңге бопсалайды. Сөйтіп одан 200 000 теңге алады.
Прокурор Владимир мен Нарғыз северныйларды Қылмыстық кодекстің 194-бабы, 4-тармағы, 2-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, әрқайсысына 11 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот Владимир Северныйды 7 жылға, Нарғызды 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Нарғыз Северная кәмелетке толмаған баласы бар деп жазасын 5 жылдан кейін өтейді.
Үкім күшіне енген жоқ.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?