jasqazaq.kz

АҚШ-та ұсталған тараздық қыздың әкесі оқиғаны айтып берді

08 тамыз 2018, 11:53


АҚШ-та алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған қазақстандық 3 әйел бір-біріне туыс болып шықты. Үшеуі де – Тараз қаласының тумасы. Ал мұхиттың арғы бетінде жүріп қолға түскендердің жақындары болған жайды естіп, төбесінен жай түскендей күй кешкен.

Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.  Айта кетейік, АҚШ-та нақ осы іс бойынша жалпы 25 адам ұсталды. Нью-Йоркте ұсталған үш отандасымыздың екеуі қазір қамауда жатыр. Ал біреуі денсаулығына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.
«Алаяқтықпен айналысты деген күдікпен ұсталды. Олар 1991- 1994 жылғы және 1970 жылғы. Қазір тергеу жүріп жатыр, бір аптаның ішінде сот болады, содан кейін белгілі болады», — деді сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.
Азиза Жалолова — 24, Диора Аширова — 27 жаста. Ал Елена Құдайбергенованың жасы 48-де. Олар бір-біріне жақын туыс.  Диораның әкесі Мирсұлтан Ахунжаевтың айтуынша, ол әйелімен 10 жыл бұрын ажырасып, келіншегі жалғыз қызын АҚШ-қа алып кеткен екен. Сондықтан қызымен соңғы рет бес жыл бұрын телефон арқылы ғана тілдесіпті.
«Таңғалып әрі қорқып тұрмын. Мен ондай қыз тәрбиелеген жоқпын. Ол алданып қалды деп ойлаймын. Олардың немен айналысып, не істеп жүргендерін білмедім. Бірақ қызымның кінәсі жоқ деп сенемін», — дейді Диора Ашированың әкесі Мирсұлтан Ахунжанов.
Азизаның да анасы қызының мұндай қадамға барғанына сенбейді. Төбесінен жай түскендей болған әйел жүздесуден бас тартып, тек телефон арқылы ақпарат берді. Айтуынша, Азизаның мамандығы дәрігер екен. Ол АҚШ-та жеке клиникада тұрақты қызметте болған. Ал осы көктемде тұрмысқа шыққан.
«5 жылдан бері сол жақта. Медициналық білімі болғандықтан, сол жақта жекеменшік клиникада жұмыс істеген. Арандап қалды деп ойлаймын», — деп түсіндірді Азизаның анасы Лола.
Елді елең еткізген ақпарат шілде айының соңында тараған еді. Яғни АҚШ-та аляқтық жолмен раритеттік көліктерді сатумен айналысты деген күдікпен 25 адам ұсталған еді.
Тергеу мәліметі бойынша, бұлар интернетке жалған жарнамамен машиналарды саудаға шығарып, клиенттерден ақшаның бір бөлігін алдын ала алып, кейін өздері таптырмай кететін болған. Сөйтіп, жалпы көлемі 4 жарым миллион доллар шығын келтірген.
АҚШ полицейлерінің мәліметінше, қылмыстық топ құрамында Ресей, Грузия сынды сегіз елдің азаматы болған. Үшеуі – біз айтып өткен тараздық әйелдер. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, әрқайсысы АҚШ заңы бойынша 20 жылдан 30 жылға дейін жаза арқалауы мүмкін.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда