jasqazaq.kz

Ақсақал құтқарушыларға алғыс айтты

31 наурыз 2024, 15:03

Айтып келмейтін апаттың құрсауынан құтқарылғандардың бірі – Арқалық қаласына қарасты Екідің ауылының «Шотаяқ» қыстағында қоныстанған Каппбасовтар шаруа қожалығы болатын.

Сын сағатта қауіптен құтқарып, тікұшақ арқылы эвакуацияланған отбасының ел қамын ойлаған азаматтарға айтар алғыстары зор.

«Мұндай жағдайды менің осы жасыма келгенше бірінші көруім. Жылда су тасып жүрді, қауіптенетінбіз, бірақ дәл бұлай болған жоқ. Өрт пен суды «тілсіз жау» деп бұрынғылар бекер айтпаған ғой. Тұтқиылдан келген су тасқынынан бас сауғалауға тура келді. Бала-шағамызбен үйіміздің жанындағы бөгетке қарай ұмтылдық. Адам аман болса, келген шығынның бәрі орнына келеді. Мал-мүлік бәрі қалды. Обал, әрине, алайда табиғаттың тосын құбылысына қарсы тұра алмайсың.

Осы ретте, халықтың қамын ойлап, қиын шақта бар мүмкіндікті жасап, уақытпен санаспай шұғыл іс-қимылдар жасаған
азаматтарға алғыс айтуымыз адамгершілік парызымыз деп санаймын. Төтенше жағдайда Арқалыққа жедел келіп, құтқару жұмыстарына барлық күшті жұмылдырған облыс әкімі Құмар Іргебайұлына, күн-түн демей жағдайды бақылауда ұстаған қаламыздың әкімі Әмірхан Біркенұлына, өмірлерін қатерге тігіп аққан сеңнің тігіп аққан сеңнің арасынан бізді құтқарып қалған қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары Ержан Жармағанбетов, Нұрлан Шаймерденов, Жасұлан Байділдин, Аян Әділхан есімді азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Ел-жұр аман болсын. Енді қайтіп бұндай қиыншылықтар болмасын», – дейді апаттан аман қалған Мұхтар Капбасов ақсақал.
Ол сондай-ақ, төтеншеліктерге жол көрсетіп, періштесіндей болып қатерден қаққан інісі Раисбек пен баласы Әлиханға ризашылығын білдіреді. Апатқа байланысты арнайы қор құрып жерлестерінің жағдайын жасап жатқан Екідің ауылының тумаларына да дән риза.
Апаттың алғашқы күні қариямен бірге «Сауғабай», «Жұман 1», «Жұман 2, «Шотаяқ» қыстақтарынан 21 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге жеткізілген.
Мұрат Жүнісұлы,
Арқалық қаласы

kostanaytany. kz

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?