jasqazaq.kz

Ақмолада есірткі курьері қолға түсті

09 қантар 2024, 15:38


Ақмола облысының полицейлері Көкшетау – Қостанай айналма жолында есірткі курьерін қолға түсірді. Polisia.kz хабарлағандай, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы операция нәтижесінде a-PvP психотроптық затының таралуын тоқтатты. Есірткіні жасырын салушы жүріп келе жатқан автокөлік Көкшетау – Қостанай айналма жолында тоқтатылды. Жеке тінту кезінде жедел қызметкерлер 38 жастағы жүргізушіден салмағы 111 гр-дан асатын синтетикалық есірткі пакетін тәркіледі.
Аталған есірткі заты 300 дозаға жуық, қара нарықтағы құны – 2,5 млн теңге. Автокөлік салонында полицейлер есірткіні жасырын салуға арналған электронды таразылар, қапсырмалары бар сөмкелер және таспа тапты.
Ер адамның елордада тұратыны анықталды және ұсталудан бірнеше күн бұрын мобильді қосымша арқылы есірткі курьері болып жұмысқа орналасты.
Куратордан алынған нұсқаулыққа сәйкес, ол жасырын салатын есіркіні Көкшетау аумағында таратуға тиіс болатын. Осы мақсатта ол Ақмола өңірінің облыстық орталығына келді.
«Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Жәбірленуші ұсталды және уақытша ұстау изоляторында», — делінген хабарламада.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?