Әнші, қобызшы, актриса, жақында ғана ана атанған Ақерке Бүркітбай баласын босанғаннан кейінгі 40 күнде жақын адамдарының көрсеткен қолдауы туралы әңгімелеп берді. Роза Рымбаеваның келіні енесінің қамқорлығы жайында отандық бағдарламада айтты.
«Зейіннің әжесі, мамамызға үлкен алғыс айтамын. Өте үлкен қолдау көрсетті. Ата-анамыз кеңес үкіметінің адамдары болғаннан кейін, «мам, сізге рахмет» деп бетіне айта бермейміз. Менің өзім іштегі сезіммен бөлісуді енді-енді үйреніп жүрмін», — деді Роза Рымбаеваның келіні.
Сұхбат барысында Ақерке Бүркітбай бес баланы дүниеге әкелген өзінің анасы Атырауда болса да, сөзімен, кеңестерімен көмектескенін айтты. Алайда баланы қырқынан шығарғанша, енесінің (Роза Рымбаева — ред) қамқорлығын көзіне жас алып әңгімелеп берді. «Қырық күн сорпасын дайындап, тамағымды әзірледі. Көрші тұрғанннан кейін, өз үйінен тамақты дайындап, қазанын көтеріп әкеліп, маған тамақ беріп жүрген кездер болды. Сол сәтті ойласам, көзіме жас келеді. Маған демала тұр деп, мен баланың қасында ұйықтай тұрамын. Ананы ана түсінеді», — деді жас ана Ақерке Бүркітбай.
«Қазір 4 айдай болдық қой. Ас үйде ыдыс жуып жүрсем «Баланың қасында бол. Қазір балаға сен керексің», — деп айтады… Жүрегі кең ана. Зейінді өте қатты жақсы көреді», — деді Роза Рымбаеваның келіні.
JQ-Aqparat