jasqazaq.kz

Әкесі таспен ұрған бала ауруханадан шықты (видео)

16 тамыз 2018, 10:14

Алматының Шығыс айналма жолынан бас жарақатымен табылған төрт жасар бала ауруханадан шықты, деп хабарлайды Первый канал «Евразия».

«Толық емдеуден өтіп, массаж және реабилитация курстарын алды. Баланың хәлі күн санап жақсарып келеді. Өзі жүріп, сөйлей бастады, онымен логопед жұмыс істеді. Бүгін баланы ауруханадан шығардық. Реабилитацияның екінші кезеңі үш айдан соң басталады», — деп мәлімет берді №2 клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу жұмыстары бойынша орынбасары Аида Аханбекова БАҚ-қа.

Жарты жылдан соң балаға тағы бір операция жасалып, бас сүйегінің консервіленген бөлшегі қайта салынады.

16 шілдеде полицияға түскен мәлімет бойынша, баланы көлік қағып, жүргізуші бүлдіршінді көрпеге орап, жолға тастап кеткен. Төрт жасар Мұхаммед бірден аурухана жеткізілді. Жағдайы өте ауыр екені хабарланған болатын. Оған операция жасалды. Полиция екі аптадан астам уақыт бойы жол апатына айыпты жүргізушіні іздеді. Алайда өткен сәрсенбі күні Алматы ішкі істер департаменті Мұхаммедтің әкесінің өз кінәсін мойындаған видеосын жариялады. Ол тіл алмаған баласының басынан таспен бір қойып, осы уақыт бойы полиция мен бүкіл халықты алдап келген екен.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда