Атырау облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясының аналар кеңесі талай шаңырақтардың шайқалудан сақтап келеді. «Мәселен, Махамбет ауданындағы аналар кеңесі бір айдың ішінде жеті отбасыны татуластырды. Бұл үлкен көрсеткіш» дейді Ассамблеяның жергілікті өкілдігінің төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Гүлмира Шәкірова.
Оның айтуынша, Ассамблеяның жергілікті өкілдігі қайырымдылық мақсатындағы шараларды да жандандырып келеді. Мәселен, балаларды қорғау күніне орай өткізілген «Екі жұлдыз» фестивалінен түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалды. «Бұл шараның ерекшелігі — өнер көрсететін баланың бірі этномәдени бірлестіктен, енді бірі мүмкіндігі шектеулі баладан құралған жұптың сахнаға шығуында» дейді спикер Гүлмира Шәкірова.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА