jasqazaq.kz

Қайын ағасы жас келінді зорлап кеткен

05 маусым 2017, 12:04

Қазталов ауданы Қарасу ауылында 1995 жылғы А. деген әйелді зорлаған 1982 жылғы Ж. деген тұрғынға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы qasym.kz хабарлады.

Жалпақтал полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Сағат Ғаббасовтың айтуынша, оқиға 30 мамыр күні сағат түнгі 23.00 шамасында орын алған. Арақ ішкен Ж. А-ның үйіне киім аламын деп келіп, оның жалғыз жүргенін көріп, арам ойын іске асырған. Бұл кезде әйелдің екі жасар баласы және алты айлық сәбиі үйде болған. Күйеуі жұмыс жасаймын деп қалаға кеткен. Оның үстіне күдікті А-ға жақын қайынағасы болып келеді.

«Қазіргі кезде күдікті кінәсін мойындады. Оған қатысты ҚР ҚК 120-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша зорлықшы 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Іс тергеліп біткеннен кейін сотқа жіберіледі», – деді С. Ғаббасов.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда