Ресей Атырау облысындағы Тайсойған әскери полигонына тиесілі 624 мың гектар жерді кері қайтарады. Бұл туралы аймақтық баспасөз брифингінде Арман Баженов мәлімдеді.
Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Арман Бәженов: “Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы 749,6 мың гектар жер Ресей әскерінің қол астында еді. Қазір оның 624 мың гектары қайтарылайын деп жатыр ”, — деді.
Жалға алынғанымен Тайсойған полигоны игерілмей жатқан болатын.