jasqazaq.kz

Айсәуле Бақытбек: Тек өз тілдерінде сөйлейтін корей халқына қызыға қарадым

03 шiлде 2017, 12:49

Айсәуле Бақытбек сүйіктісімен бірге шетелде демалып әрі ем алып келді. Оңтүстік Кореяда болып қайтқан ол шетелден алған әсерімен желідегі парақшасында бөлісті.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Сеуілден қайтып оралдық. Шынымды айтсам, Кореядан күткенім басқа еді, бірақ шын мәнінде көргенім көңілімді қалдырған жоқ. Бәлкім жаныңда сүйікті адамың болған кезде солай болатын шығар. Жалпы сүйіктім жанымда кезде айналадағы барлық нәрседен ләззат аламын», – деп бастады әңгімесін Айсәуле.

Бұдан кейін Есентаеваның тұңғышы корей халқының патриот екенін, оларға қызыға қарағанын айтты.

«Корейлер – нағыз патриоттар. Олардың патриоттығы әр көше сайын ілініп тұрған тудан немесе Пак Кын Хенің портреттерінен көрінбейді. Есесіне олар тек қана өздерінің тілдерінде сөйлейді, өздерінің кино/сериалдарын ғана көреді, өздерінің әндерін тыңдап, тек өздерінің тамақтарын жейді. Тіпті, алкогольді ішімдікке дейін өздерінікі. Оларға сондай қызығып қарадым», – деп жазды Айсәуле Бақытбек.

Үнемі орысша сөйлеп, орысша жазатын Айсәуленің бұл сөзі желідегілердің түсінбестігін туғызды. Олар өз тілінде сөйлейтін корейлерден үлгі алуға шақырған Айсәулені өз тілінде сөйлемегені үшін сынап тастады.

“Қазақтар ғана ана тілін менсінбейді. Бұл постты несіне жаздың қазақша жазбаған соң? Корейлерді мақтап”, “Иә, әркім өз тілінде сөйлеуі керек”, “Сен де үнемі болмаса да, анда-санда қазақша сөйлесең, эх… Олар да саған қызығып қарайтын еді әдемі есімнің иесі”, – деп жазды олар.

Бұдан өзге, Есентаеваның қызы танымал соджу алкогольді ішімдігін ішіп көргенін айтты.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда