jasqazaq.kz

Қайрат Түнтеков: Әлемге танымал қазақ әншісі болсам деймін

13 маусым 2017, 15:06

Ұзақ уақыт бойы сахнаға шықпаған Қайрат Түнтеков өзінің тағдыры туралы сыр шертетін бейнебаян түсіріп, қайта оралды. Бұл ретте әнші 7kun.kz басылымына сұхбат беріп, азды-кем жаңалықтарымен бөлісті.

Назарларыңызға Қайраттың басылымға берген сұхбатынан үзінді ұсынамыз.

-Алда қандай мақсаттарыңыз бар?

-Бұдан кейін де тоқтамаймыз, алға қойған мақсаттар көп. Үнтаспам бар. Биыл тағы шығаруға тырысамын. Біреуі қазақ тілінде, біреуі ағылшын тілінде.

-Ағылшын тілі демекші. Бір сұхбатыңызда АҚШ-қа кетемін депсіз.

-АҚШ-қа бару менің кішкентай кезімнен арманым еді. Америка өнердің ордасы ғой. Барлығы сол жақтан шығып жатыр. Мысалы, қарасаңыз, ондағы жұлдыздардың біреуі Британиядан, біреуі Испаниянікі, мысалы, айтайық Энрике Иглисас, Дженифер Лопес, PitBul болса бразилиялық. Америкада солар сияқты әлемге танымал қазақ әншісі шықса деп армандаймын. Биыл, болмаса келер жылдың басында сонда кетемін деген мақсатым бар.

— Дәл қазір шын талантқа танылуға мүмкіндік көп. Жақында мұны Димаш мұны дәлелдеген сияқты. Айтпақшы, Димаштың өнеріне қандай баға бересіз?

-Бес деген баға беремін.

-Сіз орындаған «SOS d’un terrien en detresse» әнін қандай деңгейде алып шықты? Көңіліңіз толды ма?

-Әрине, толды. Неге толмасқа? Қазақстанның атын миллиардтаған адамдарға танытты. Әркімнің өзінің стилі бар ғой. Димаштың да классика жанрына сай өзінің ерекше стилі бар. Ондай стилін қытайлықтар қалай жақсы көріп қалғанын көрдіңіз. Сондықтан кім айтып шықса да, өзіндік стилі болса, қиналмай орындап шығады. Мен мысалы, нота жағынан айырмашылық тапқан жоқпын. Өйткені тура түсіп, тура айтып шықты. Керемет, 5 деген баға беремін.

stan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда