Қайрат Нұртастың келіншегі Жұлдыз Абдукаримова желідегі парақшасына ұл-қыздарының суреттерін жиі жариялап жүр.
Бұған дейін отбасы туралы мәліметтерді келтірген Жұлдыз кіші ұлының есімінің Хан екенін айтқан еді.
Енді Қайрат пен Жұлдыздың Ханнан үлкен ұл-қыздарының есімдері белгілі болып отыр. Сонымен Қайрат пен Жұлдыздың екі ұл, екі қызы бар. Олар – Нарұл, Сезім, Алау және Хан.
Халық Қайраттың отбасын жақында ғана түсірілімі аяқталған фильмнен көре алады.
Фильм демекші, Жұлдыз Абдукаримова фильмнің монтаж жұмыстарының аяқталып қалғанын хабарлады.
“Алланың қалауымен сіздермен жақсы жаңалық, құпиямен бөлісетін күн алыс емес. Ал əзірге мен сіздермен жолыққанша деймін! Жақында жаңа фотолар көретін боласыздар! Жақсылықпен жүздескенше”, – деді Жұлдыз.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.