jasqazaq.kz

Қайрат Нұртастың әкесі: Ұлыма көп қол жұмсап қойдым

15 маусым 2017, 19:08

Нұртас Айдарбеков бала тәрбиесіне қатысты пікірін бөлісіп, ұлы Қайрат Нұртасқа әлі күнге дейін қол көтеретінін айтты. Мұнымен қатар, өзі берген қатал тәрбиенің арқасында ұлының жұрттың ыстық ықыласына бөленіп жүргенін меңзеді.

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

– Танымал ұлдың әкесі болу қиын ба?

– Менің сөзіме көп адам сенбейтін шығар. Ұлың танымал болған соң, халықтың екі көзі сенде болады. «Осының әкесі қандай адам екен? Осының отбасы қандай екен? Анасы мен өзі ше?» деген секілді пікірлер айтылады. Менталитетімізге сай көп нәрсе көңілімізден шыға бермейді. Шынымды айтсам, әке ретінде жауапкершілігім ауыр.

– Қайратқа қаталсыз ба?

– Жалпы Алла берген үш ұлым бар. Ер балалар болғандықтан, қаталдық таныттым, танытып та келемін. Әсіресе, Қайрат тұңғышым болғандықтан, оған қаталмын. Қайратқа қолды көптеу жұмсап қойдым. Бала кезінде де, осы өскен кезде де.

– Балаңыздың жұлдыз болуына тәрбиенің әсері болды ма?

– Өнер адамына тәрбие керек. Барлығы өнер көрсетумен ғана шектелмейді. Өнер адамын өсіретін де, өшіретін де халық. Қайратқа берген тәрбиемнің 100℅ пайдасы тиіп жатыр. Осы тәрбие болмаса, ол қалай халықтың адамына айналады? Әйтпесе, халық оны шеттетіп жіберетін еді.

– Қазіргі қоғамда әкенің рөлі қандай?

– Мұның екі жағы бар деп ойлаймын. Әке бола білу және әке деген атқа лайық болып жүру. Ұрпағың осыны сезініп, бағаласа, одан асқан қандай бақыт бар? Қазір көп жас әке қадірін біліп жүр деп ойлаймын. Құдайға мың да бір шүкір, қазіргі жастарымыз жаман емес. Жасыңды түріңе қарап біліп, сый-құрмет көрсетеді.

stan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда