Instagram желісіндегі zhuldizdar_eli парақшасында Қайрат Нұртастың келіншегі Жұлдыз Абдукаримованың айтқандары жарияланды. Ол өзіне Инстаграм желісінен парақша ашып, халықтың жиі қоятын сұрақтарына жауап берген дейді.
«Салтанат, Асылым менің жақын құрбыларым. Фильм қазан айында шығады. Кенже ұлымның аты Хан. Мен Қайраттан бір жас үлкенмін.1988 жылы 14 Сəуірде туған күнім. Екеуміздің 4 баламыз бар» — деген жас келіншек. Қазан айында шығады деп меңзегені Қайрат Нұртас түсіріп жатқан «Қалыңдық» фильмі болса керек.