jasqazaq.kz

Қайрат Нұртас өзін Димашпен салыстыратындарға жауап берді

29 мамыр 2017, 10:54

Қайрат Нұртас өзін өзге отандық әншілермен, әріптестерімен, Димашпен салыстыратын жандарға реншіні білдіріп, пікірін білдірді.

«Қазір сұмдық болып кетті ғой. Өз өзіне пиар жасау үшін телеарналар айтпаған сөзді айтты деп, әдемілеп монтаждап жасап алады. Сондықтан қазір сөйлеуге де қорқатын болдық. Мен қазір ешкімге интервью бермеймін. Оны бермегеніме 3-4 жыл болды. Бере алмаймын деймін де, сытылып кетемін», — деді ол.

Сонымен бірге ол әншілердің өзара салыстырып қоятындарға да жауап берді.

«Жарайды мені салыстырсын шетелдің әншілерімен. Бірақ қазақпен қазақты салыстырып, араларына от салып, халыққа масқара қылып, ашты сөйлейді. Солар мені күйдіріп барады. Одан менің ештеңем кетпейді. Оны айтқан адам өзіне-өзі күнә артып алады. Мені кіммен салыстырмады? Мейрамбек ағамен, Ернар Айдар, Төреғалимен де салыстырды. «Ой сен қалып кеттің, болды», — деді.

Кеше Димаш бауырымызбен салыстырып жатыр. Әр қазақ шыға берсін. Оған қуанамын. Ал енді олар келеді де, бір-бірімізбен қарсы адам секілді көрсетіп қояды. Біз бәріміз өнерде бірге жүрген адамдармыз. Димаш — менің інім.

Бір-бірімізді жақсы көріп, «аға аға» деп жүреді. Қаншама үлкен сахналарда болдық. Төреш, Ернармен бірге жүрміз. Мейрамбек ағаны да қалай жақсы көремін. Одан қаншама нәрсе үйрендік. Қаншама әдемі мінездерін үлгі еттім. Болмайды ғой олай», — деп ренжіді ол.

NUR.KZ

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда