Күні кеше Қайрат Нұртас қырғыз еліне барып, өзінің кезекті гастрольдік сапары аясында концерт беріп қайтты. Әнсүйер қауым Қайрат Нұртасты көкке көтеріп, сый-құрметін аямады. Алайда оның сахнаға шығып кеткен қырғыз қызымен бірге айтқан ел аузына ілікті.
Қайрат Нұртас Жасмин есімді тыңдарманымен «Ауырмайды жүрек» әнін беріліп айтты.
Дегенмен, оларды сынап, қыздың әрекетін көңілі толмаған көрермендер де табылды.
«Екеуінің әрекеті біртүрлі», «Ішіп алғанға ұқсайды», — деп жазды «дуэтті» сынағандар.
Алайда «сынағыштарды» жерден алып, жерге салып: «Қайрат бүкіл Орта Азияға танымал әнші», «Қайрат бауырым, сені қырғыз елі жақсы көреді, әндеріңді қайталап тыңдай берем», «Бізге жиірек келіп тұр, қазақ әншісі», — деп жазғандар да аз болмады.
Олар әсіре сыншыларға тырнақ астынан кір іздемеуге кеңес берді.