jasqazaq.kz

Қайрат Әбдірахманов: 6 студент оқуға барса да, туристік виза аштырған

08 тамыз 2017, 16:31


Өткенде ғана 6 студентіміз Мысырға тіл үйренуге барып, сол жақтың құқық қорғау мекемесі қызметкерлерінің қолына түскен болатын. Еліміздің сыртқы істер министрлігі жедел іске кірісуінің нәтижесінде студенттер аман-есен елге қайтқан еді. Осы мәселе жөнінде «Жас қазақ» газетінің тілшісі сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтан бүгін үкімет отырысынан соң сұраған еді.

– Қазақстан азаматтары Мысырда не себепті ұсталғаны жайлы айтып берсеңіз?
– Өздеріңіз білесіздер, дипломатиялық байланыс арқылы үлкен жұмыс атқарылып, Қазақстан азаматтарын елге қайтарып алдық. Мысырда не себепті қамауға алынғанына байланысты сұрақтарды құқық қорғау мекемелері анықтайтын болады.

– Сіздерге ол азаматтарды елге қайтарған кезде нақты жауап бермеді ме?
– Біз бұл шаруаны шұғыл түрде ұйымдастырып, елге азаматтарды қайтару жағын ойладық. Ал шұғыл дипломатиялық шараларды жүзеге асырмасақ, олардың онда қамалып қалуы және істің ұзаққа созылуы мүмкін еді. Енді еліміз бен Мысырдың құқық қорғау органдары бұл жайтқа қатысты анықтау шарасын жүргізеді. Сондай-ақ екі елдің мекемелері арасында тығыз байланыс бар.

– Ал осындай жайттың алдын алу үшін қандай шаруа атқарылу керек?
– Біріншіден, кез-келген азамат баратын жерінің заңын қатаң сақтауы және тәртібіне бағынуы тиіс. Сондай-ақ халықаралық заңдар бойынша да түрлі міндет пен екіжақты келісім, құқықтық негіз бар. Соларды шетелге шығатын адам білуі қажет. Мәселен, шетелге барсаңыз тиісті виза аштыруыңыз керек. Оқуға барсаңыз – оқу визасы, қыдыруға барсаңыз – туристік виза, бизнеспен айналыссаңыз – бизнестік виза дегендей. Қазақстанға келетін шетел азаматына да дәл осындай талап қойылады.

– Біздің ұсталған 6 студенттің визасы қандай болған?
– Біздің анықтамымыз бойынша, олар оқу оқимыз деп барса да, олардың визасы – туристік виза болып шықты. Оқуына да байланысты мәселе болса, оны құқық қорғау мекемесі анықтайды. Сондықтан кез-келген елдің заңын сыйлай білуіміз қажет. Елімізге келгендерден біз де заңымызды сыйлауды талап етеміз.

Айбарша ЖАҚСЫЛЫҚ

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда