jasqazaq.kz

Айқын өзіне ұл туып берген Жұлдыз Өмірғалиге продюсер болмақ

13 желтоқсан 2017, 10:18

Танымал әнші Айқын Төлепберген жуырда ғана ана атанған Жұлдыз Өмірғалиге продюсер болмақ. Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бағдарламада бұл деректі сенімді дереккөз хабарлағаны туралы айтылды. Олардың айтуынша, Жаңа жылдан кейін Айқын Жұлдыздың бағын жеке солист ретінде жағып көрмек.

«Айқын «Кешью» тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғалиге продюсер болмақ. Бұл ақпаратты жұлдызды жұптың жақындары хабарлады. Әзірге Жұлдыздың декреттік демалыстан кейінгі сахнаға оралу уақыты белгісіз. Дегенмен, сенімді дереккөздеріне сүйенсек, сүйіктісіне продюсер болғалы жүрген Айқын Жұлдызды Жаңа жылда көпшілікке жеке әнші ретінде таныстырғалы жүр екен», — делінді бағдарламада.

Сонымен бірге олардың бұл ойы туралы Айқынның жақын досы Дастан Оразбеков те өз пікірімен бөлісті:

«Бүгінгі таңда біріне бірі продюсер болу, шынымды айтсам… Бос уақыты болып жатса, неге жоқ?! Шынымды айтсам, менің бос уақытым жоқ, сондықтан мен бола алмаймын…

Жұптар көп болып кеткен. Құралай мен Мирас ағамыз бар, Жанболат пен Жазира бар, ақыры ондай дүние болып жатса… Оның үстіне менің ойымша, ол — жұмыстың көбеюі, сұраныстың көбеюі. Сондықтан да әбден мүмкін…», — деп екіұшты ойын айтты әнші.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда