jasqazaq.kz

Айгүл Орынбек: Қазақтың мешітте отыратын имамын сауатсыз, надан қылып көрсеткен

10 қантар 2024, 16:49

Заңгер Айгүл Орынбек кинотеатрлардан көрсетіліп жатқан «Дәстүр» фильмін тоқтатуды сұрап, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
«Қазақ тарихында “Сырға салу”, “Айттыру”, “Сыңсу айту” деген салт-дәстүрдің бар екенін білемін. Ал салт -дәстүрімізде қызды алып қашқанын оқымаппын. Көрші елдің дәстүрін бізге тықпалап керегі жоқ. Кинода “Қыз алып қашу” дәстүрге жатады, яғни “ол дұрыс емес”, деп дінді астарлап насихаттау деп ойлаймын. Жастарға салт -дәстүрге қарсы шығып, жек көріп, “дінді ұстаныңдар” деген ой тастаудың элементтері байқалады. Қазақтың кез-келген отбасы жеті шелпекпен, құран бағыштауды біледі. Бірақ кинода оны да ашық көрсетпейді. Тіпті бір қарсылық эпизоды бар.
Қазақтың мешітте отыратын имамында сауатсыз, надан қылып көрсеткен. Алдына “жын көріп жүрмін”, деп көмек сұрап жылап барған әйелдің қолына, сүре жазып жібере салды. Кинодағы теке сақалды имам сәләфит емес пе?
“Аллаху акбар” деп аузын ашпаған әйелді, біздің шынайы өмірде молдалар үш әріппен күресуге жәй жібере салмайды негізі.
Қазақтар салт -дәстүрін ұмытпай мықты ұстану керек! Мәдениеті мен салт- дәстүрі өшпеген Елдің, Ұлты өлмейді!
Ал дәстүрді жастарға негативті тұрғыда көрсету, елді топастындырғысы келіп жүрген арам пиғылды адамдарға тиімді», — деп жазды.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?