Әйелін үйде босандырып алды

29 қантар, 12:11

Екібастұзда ер адам әйелін үйде босандырып алды. Оған 103 диспетчері телефонмен нұсқама беріп тұрды.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, медициналық топ шақыртуға бара жатқанда жедел жәрдем диспетчері «қоңырауды ұстап тұру» әдісі бойынша жүкті әйелдің жолдасына телефон арқылы нұсқау берді.

pavlodarnews.kz хабарлағандай, 28 қаңтарға қараған түні Екібастұзда 103 пультіне шұғыл шақыру түсті. Жүктіліктің 41-ші аптасында болған 36 жастағы әйелдің толғағы басталған. Медициналық бригада жеделдіктің бірінші санаты бойынша мекенжайға жіберілді.

Жедел жәрдем бригадасы шақырту орнына тоғыз минуттан кейін келді. Ақ желеңділер келген кезде бала дүниеге келген.

– Ер адам қорқынышқа бой алдырмай, белгіленген алгоритм бойынша әрекет етті. Дүниеге келген сәби мен анасының жағдайы жақсы. Олардың екеуі де Екібастұздың перзентханасына жеткізілді, – дейді облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ольга Вербовая.

Өткен жылы 103 қызметкерлері 22 әйел адамды үйде босандырған. Ал 2024 жылдың басынан бастап дәрігерлер үйде босануға алты рет барды. Көп жағдайларда «қоңырауды ұстап тұру» әдісі қолданылды.

– Біздің кез келген қызметкер диспетчер немесе фельдшер босануды қабылдай алады. Жыл сайын қызметкерлерді босану кезіндегі алгоритмдерге үйретеміз. Өткен жылы біздің 100-ге жуық қызметкер неонатология бойынша біліктілікті арттырудан өтті, – дейді Ольга Вербовая.

103 қызметінде облыс тұрғындарын босану мәселелеріне мұқият қарауға және мүмкіндігінше алдын ала медициналық көмекке жүгінуге шақырады. Себебі, бұл нәресте туған кезде барлық қауіптерді азайтуға көмектеседі.

 

Бүгін, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды