jasqazaq.kz

«Әйелім медальдан қымбат». Елдос Сметов қитұрқы сұраққа жауабын берді

03 қыркүйек 2024, 15:03

Париж Олимпиадасынан алтын әкелген дзюдошы Елдос Сметов Динара Сәтжанның ютуб арнасына сұхбат берді.

Д.Сәтжан оған: «Медаліңізді қанша адам ұстады және оны жаныңызға алып ұйықтайсыз ба» деген сұрақ қойды.
Елдос Сметов: «Медалімді қанша адам ұстағанын айту қиын. Бірақ өте көп адам ұстағаны анық. Ал медалімді Олимпиададан кейін алғашқы бір аптада басыма жастап жаттым»,- деді.

«Ал қазір ше, әйеліңіз үшеуіңіз бірге ұйықтайсыздар ма?» деген Динараның сауалына ол:
«Мен Олимпиада чемпионы атанғанда әйелім қасымда болған жоқ. Сол себепті медальді басыма жастап ұйықтадым. Ал қазір медаль үйде өз орнында ілініп тұр. Өйткені медальдан әйелім қымбат», — деп әдемі жауап берді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?