Тайланд тұрғыны баланы смартфон ұстамауға үйретудің жолын тапты. Балаларының мұны қалай қабылдағанын видеоға түсіріп алды.
«Менің балаларым телефоннан бас алмайтын. Мен экранның бетіндегі суретті өзгертіп қойдым, енді олар ойнауға қорқады», — деп жазылған роликтің астында. Кадрдан әйелдің өз балаларын телефонмен ойнауға үгіттеп отырғанын көруге болады, алайда олар қолдарына да алғыра келмейді. Бір кезде әйел кіші баласын көндіріп, қолына телефонды береді — бала блокты ашпақшы болады, бірақ, қорқынышты суретті көріп, жылай бастайды.
Желі қолданушыларының кейбірі бұл әдісті тамаша деп есептесе, енді біреулері мұны тым қатыгездік деп ойлайтындарын жазды.