jasqazaq.kz

Айдос Сарым: Мемлекет басшысы – жаңа Ата Заңның бастамашысы ғана емес, негізгі авторы

11 наурыз, 16:56

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: болашақты қалыптастыру» атты сараптамалық алаңда сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Ол Мемлекет басшысының жаңа Конституция жобасын әзірлеуге алғашқы күндерден бастап белсенді қатысқанын атап өтті.
«Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының қызметін алғашқы күндерден бастап өте мұқият бақылап отырғаны баршаға аян. Ол Жұмыс тобының жетекшісін қабылдап, топ мүшелерімен кездесіп отырды, өз идеяларын айтып, бағыт-бағдар берді», – деді Айдос Сарым.
Мәжіліс депутатының айтуынша, жаңа Ата Заңды қабылдау қажеттігі ел азаматтарынан түскен ұсыныстардың орасан зор көлемін талдау нәтижесінде айқын болды.
«Халықтан мыңдаған ұсыныс түсіп, процесс кең ауқымға ие болған кезде, Президент Жұмыс тобының мүшелерін тура Құрылтай қарсаңында жинап, алда болатын ауқымды өзгерістер туралы мәлімдеді. Ол Конституциялық сот пен басқа да мемлекеттік органдардың атына түскен ұсыныстардың форматы, мазмұны мен көлемі жаңа Конституцияны қабылдау қажеттігін айқын көрсететінін айтты», – деді депутат.
Сондай-ақ, Айдос Сарым Президенттің құжатты әзірлеу барысында сарапшылар қауымдастығымен белсенді әрі тығыз жұмыс істегеніне ерекше назар аударды.
«Бұған өздеріңіз де куә болдыңыздар. Конституциялық комиссияның жұмысы барысында Мемлекет басшысы оның жетекшісімен бірнеше рет кездесті. Ол Конституциялық соттың төрағасын және басқа да ұйымдардың басшыларын қабылдады. Бұл Президенттің жұмысқа тікелей өзі араласып отырғанын көрсетеді», – деді ол.
Сөз соңында Айдос Сарым Мемлекет басшысының жаңа Конституцияны әзірлеудегі айрықша рөліне тоқталып, оны конституциялық реформаның басты архитекторы деп атады.
«Сондықтан Президентімізді жаңа Ата Заңның негізгі авторларының бірі әрі архитекторы деп айтуға болады. Бұл мызғымас ақиқат», – деп түйіндеді сөзін Айдос Сарым.

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді