Аида Балаева журналистердің аккредитациясына қатысты түсініктеме берді

19 шiлде, 11:06

БАҚ өкілдерін іс-шараларға тіркеу қағидаларына өзгерістер енгізілмек. Қаулы жобасы «Ашық НКА» порталында жарияланды.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Facebook  парақшасында жазба жариялап, аккредитацияға қатысты түсініктеме берді.

«Бүгінде кәсіби медиа қауымдастығы
«Масс-медиа туралы» Заңды іске асыру мақсатында әзірленген аккредитациялаудың Үлгілік қағидалары жобасын қызу талқылауда. Осыған орай оның кейбір тұстарын нақтылай кеткім келеді.
Жалпы аталған құжат жобасы қолданыстағы ережелермен салыстырғанда аса көп өзгермеген.
Мысалы, аккредиттеуден бас тарту негіздері туралы ережелерге тоқталсақ. Бұл БАҚ-тың жұмыс істеуін уақытша тоқтату немесе мүлдем жабу және ресми реестрде тіркелмегені туралы сот шешімі күшіне енген жағдайда іске асады.
Одан өзге, журналистер арасында ең көп сұрақ тудырған Ереженің 10-тармағына, атап айтқанда, БАҚ өкілдерінің қандай талаптарды сақтауы керектігіне тоқталамын.
Біріншіден, кез-келген журналист қай БАҚ атынан аккредитациядан өтсе, сол редакцияға ғана ақпаратты жинап, жариялай алады. Алайда журналистке бірден бірнеше БАҚ атынан аккредитация алуға ешкім тыйым салмайды.
Екіншіден, бұл талап белгілі бір оқиғаға/іс-шараға қатысты журналистердің жеке пікірлері мен ұстанымдарын әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарында білдіруге қатысы жоқ.
Үшіншіден, регламент мәселесіне келетін болсақ, қолданыстағы ережелерде қазірдің өзінде іс-шараға қатысушылардың тақырыпты, уақыт тәртібін, қоғамдық тәртіпті сақтауын жүргізуші (яғни, іс-шара модераторы) қамтамасыз ететіні қарастырылған.
АҚШ пен Еуропалық Одақтың және халықаралық ұйымдардың халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, белгіленген ережелерді, сондай-ақ заңнаманы бұзған жағдайда журналист іс-шараларға қатысу құқығынан және аккредитациядан айырылады. Мысалы, Еуропарламенттегі БАҚ қызметін реттейтін Ережеде түсірілімге рұқсат етілген арнайы орындар қатаң түрде белгіленген.
Төртіншіден, ережеде әрбір мемлекеттік органның немесе ұйымның белгілі бір іс-шараның регламентін өзі бекітетіндігі көрсетілген. Бұл ретте Министрлік уәкілетті орган ретінде ақпаратқа қолжетімділік қағидаттарын және журналистердің ерекше мәртебесін сақтау мәселелері бойынша аталған регламентті әзірлеу бойынша тиісті ұсыныстарын жіберетін болады.
Бесіншіден, ерекше маңызды мемлекеттік объектілерге кіру және сол мекемелердегі режимдерді ұстану да қолданыстағы заңнаманы сақтау мен қауіпсіздіктің айнымас бөлігі болып табылады.
Қорытындылай келе, ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мен журналистердің мәртебесін арттыру – әрқашан Министрлік қызметінің басты басымдығы екенін тағы да жеткізгім келеді».

JQ-Aqparat

 

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде