jasqazaq.kz

Аида Балаева: Үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғамның рөлін күшейтуге үлес қосады

27 ақпан 2024, 15:25

27 ақпанда жыл сайын Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні атап өтіледі.

Халықаралық деңгейде тұңғыш рет Финляндияның Хельсиyки қаласында мерекеленді. Бұл күні бүкіл әлемде азаматтық сектордың қоғамдағы барлық салаларды дамытуға қосқан үлес туралы айтылады.

Осы атаулы күнге орай мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің Fasebook парақшасында жазба жариялады.
Министр жазбасында: «Бүгін бүкіл әлем Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнін атап өтуде. Қазақстанда үкіметтік емес сектор әлеуметтік мәселелерді шешу мен азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекеттің сенімді серіктесі болып келеді.
Мемлекет басшысы ҮЕҰ рөлін ерекше атап көрсеткен.

Өздеріңіз білесіздер, олар халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен азаматтық қоғамның рөлін күшейтуде маңызды рөл атқарады.
Қазір елімізде ҮЕҰ-ды мемлекеттік қолдау тетіктері қалыптасты. Атап айтсақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру және марапаттау.

Қазір 23 мыңнан астам ҮЕҰ бар, оның 18 мыңы белсенді жұмыс істейді.
Қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық кеңестер туралы заңнамаға түзетулер енгізілді.
Мемлекеттің дамуының негізгі ресурсы — адами капитал, оның әлеуеті мен дамуы, яғни әлеуметтік капитал.
Азаматтарға инвестиция сала отырып, біз әркім әлеуметтік міндеттерін жүзеге асыруға өз үлесін қосатын күшті және дамыған қоғам қалыптастырамыз.

Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде үлкен рөл атқаратын азаматтық белсенділерді Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар күнімен құттықтау мен үшін үлкен мәртебе!
Азаматтық қоғам жауапты, берекелі болсын!

Еліміздегі азаматтық қоғамды дамытудағы маңызды және негізгі міндеттерді жүзеге асыруда баршаңызға сәттілік, шығармашылық табыс, және кәсіби белсенділік тілеймін!» — делінген.

Айта кетейік, еліміздегі үкіметтік емес ұйымдардың саны соңғы бес жылда 6,5 есе өсті.

JQ-Aqparat

12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды