Аида Балаева: Оқыс оқиғаларда бұқаралық ақпарат құралдары шешуші рөл атқарады

24 қантар, 16:07

Мәдениет және ақпарат министрлігі төтенше жағдайлар кезінде БАҚ пен әлеуметтік желілер жұмыстарының егжей-тегжейлі алгоритмін ұсынбақшы.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Instagram парақшасында жазды: «Алматыда болған жер сілкінісі сенімді және дер кезінде жеткізілетін ақпараттың маңыздылығын дәлелдеп, төтенше жағдайлар мен басқа да оқыс оқиғаларда бұқаралық ақпарат құралдарының шешуші рөлін тағы да айқындады. Осыған орай, Мәдениет және ақпарат министрлігі жақын арада төтенше жағдайлар кезінде БАҚ пен әлеуметтік желілер жұмыстарының егжей-тегжейлі алгоритмін ұсынбақ».
Сондай-ақ Аида Балаева бірқатар министрлікпен бірігіп, БАҚ қызметкерлері үшін бірқатар оқу тренингтерін өткізуді жоспарланып отырғанын айтты.

«Біз төтенше жағдайлар министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ішкі істер министрлігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен БАҚ қызметкерлері үшін бірқатар оқу тренингтерін өткізуді жоспарлап отырмыз. Тренинг аясында қатысушылар төтенше жағдайларда, митингілерде, өрт кезінде, жазатайым оқиғалар мен балалардың қатысуымен болған фактілерді жариялауға қатысты қажетті ұсыныстар мен нұсқауларды ала алады. Бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы тек объективті және уақтылы ақпарат тарату ғана емес, кейде адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін де жауапты екенін білу маңызды, — деді Аида Балаева.

JQ-Aqparat

Бүгін, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
Бүгін, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу