Аида Балаева: «Қазақфильмнің» даңқы көп ұзамай оралатынына сенімдімін!

11 қантар, 21:07

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақфильм» төңірегіндегі жағдайларға қатысты мәлімдеме жасады. Ол пікірін Facebook-тегі парақшасында жариялаған. Министр киностудияның айналасында болып жатқан мәселелерден хабардар екенін айтты.

«Шынында да, қазір біз айналысып жатқан жүйелі мәселелер бар. Осыған байланысты ұйымдастыру және заңнамалық шаралар қабылданатын болады. Аты аңызға айналған «Қазақфильмнің» бұрынғы даңқы көп ұзамай оралатынына сенімдімін. Алдағы уақытта сапалы фильмдер түсіріп, көрерменді қуанта береді деп ойлаймыз», – деп жазды Аида Балаева.

Еске салайық, Шәкен Айманов атындағы киностудияда күні кеше ғана шу шыққан болатын. Актер Қуандық Дүйсенбаев «Қазақфильмнің» аумағы жүзге жуық қытай көлігінің тұрағына айналғанын айтып, базынасын жеткізген. Одан бөлек, қызметкерлердің 30 пайызы ақысыз демалысқа жіберілгенін жайып салды.
«Қазақфильм» АҚ президенті Азамат Сатыбалды расымен ғимаратты жалға бергенін, қаржыдан қысылғандықтан қызметкерлерін демалысқа жібергенін растады. Тығырықтан шығудың бір жолы деп таксопаркпен келісім-шартқа отырыпты. Алайда киностудия бюджетіне қанша ақша түсетінін айтпады.

JQ-Aqparat

Бүгін, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
Бүгін, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу