Аида Балаева: Фонограммамен ән айту, авторлық құқық мәселесі заң арқылы реттеледі

15 ақпан, 12:37

Еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мәдениет туралы заң мен басқа да құжаттарға қандай өзгерістер енетінін айтып берді.

«Мәдени саясаттың тиімділігі ең алдымен заңнамалық базаның кемелдігіне байланысты. Өкінішке қарай, мәдениетіміздегі көп игі істердің аяқсыз қалуы құқықтық нормалардың шикілігіне келіп тіреледі. Сондықтан Мәдениет туралы заңға кезең-кезеңімен өзгерістермен толықтырулар енгізу — уақыт талабы. Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген Кәсіпкерлікті жүргізу туралы заң жобасына мемлекеттік музейлер тарапынан мәдени құндылықтарды көпшілікке ұсынуды субсидиялау туралы норма қосылып, Сенат қарауына енгізілді», — деді Аида Балаева Қазмедиа орталығында министрліктің алқа отырысында.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы үкіметтері арасында өзара мәдениет орталықтарын құру туралы келісімді іске асыру, сондай-ақ Қазақстан тарапынан 2011 жылы Сирияның Дамаск қаласында салынған әл-Фараби тарихи орталығын іске қосу мақсатында Мәдениет туралы заңға және Бюджет кодексіне өзгерістер енгізу көзделіп отыр.

«Мәдениет қызметкерлерінің әлеуметтік статусынан бастап, сахнада фонограмманы пайдалану, авторлық құқықтар туралы мәселелер де қаралады. Әлбетте мәдениетте, жалпы руханиятта шекара болмайды. Бірақ заманның ағымына, қоғамның талабына сай, кейбір сұрақтың нақты құқықтық шешімі болу керек. Мысалы мәдениет ешқашан саясаттың құралы, саяси лозунгтар мен ұрандардың жетегінде болмауы тиіс. Бұл мәселені бір реттік шешіммен емес, барлығына түсінікті заң шеңберінде реттеуіміз керек. Мәселен, бүгінде белгілі орындаушылармен ауқымды концерт өтеді деп әлеуметтік желі арқылы жарияланып, тіпті билеттері сатылған концерттер де өтпей қалып жүр. Осы және басқа да жағымсыз әрекеттерді тыю мақсатында, оларға тыйым салу және жазалау шараларын қолдану жөнінде заңнамаға түзету енгізу үшін жұмыс жүргізілуде», — деді Мәдениет министрі.

JQ-Aqparat

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды