Аида Балаева: Еліміздің дамуына үлес қосып жүргендерді қолдап, ынталандыруымыз керек

21 желтоқсан 2023, 22:15

Бүгін мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті.
«Дарын» сыйлығы 1992 жылдан бастап дарынды жастарды ғылыми, шығармашылық және спорттағы жоғары жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалған.
Әр жылдары түрлі саладағы 320-дан астам азамат аталған сыйлықты иеленген болатын.
Биыл мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер 340-тан аса үміткерді ұсынды.
Оның ішінде 110 — «Ғылым», 21 — «Дизайн және бейнелеу өнері», 27 — «Спорт», 49 — «Театр және кино», 12 — «Эстрада», 10 — «Журналистика», 28 — «Халық шығармашылығы», 32 — «Креативті бастамалар», 28 — «Әдебиет», 30 — «Классикалық музыка». 9 өтінім «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі қағидалардың талаптарына сәйкес келмеді.
Өтінімдерді іріктеу бойынша отырыстар 11-15 желтоқсан аралығында өтті. Комиссия құрамына түрлі салаларда елеулі табыстарға қол жеткізген 37 қазақстандық белгілі тұлғалар кірді.
«Үміткерлердің жетістіктері мен жұмыстары жан-жақты сараланды. Әрқайсысына негізделген шешім қабылданды. 11 жүлдегердің өңірлерден келгеніне қуаныштымын. Бұл жастар үшін үлкен ынталандыру. Озық ойлы жастардың лайықты өкілдері әлі де аз емес. Біз қоғамымыздың және тұтастай еліміздің дамуына үлес қосып жүргендерді қолдап, ынталандыруымыз керек», — деді министр.


Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы және диплом, төсбелгі мен ақшалай сыйлық 22 желтоқсанда өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде табысталады.
Биыл сыйлықты беру ережелеріне түзетулер енгізілді. Атап айтқанда, қатысушылар 35 жасқа дейін ұлғайтылып, «Қоғамдық қызмет» номинациясы «Креативті бастамалар» ауысты.
Номинация креативті индустрия саласын дамытуға мемлекет тарапынан ерекше назар аударуға байланысты өзгеріске түсті. Осы бағытты ынталандыру өңірлердегі бастамаларға жүйелі түрде назар аударуға, түрлі жобаларды анықтауға және оларды көтермелеуге, ең үздік идеяларды іске асыруға мүмкіндік береді. Креативті бастамаларға ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қайырымдылық, волонтерлік қызмет салаларындағы жетістіктер жатады.
JQ-Aqparat

Суреттер: Мәдениет және ақпарат министрлігі

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу