Аида Балаева Алматы облысы тұрғындарымен кездесті

27 желтоқсан 2023, 16:48

Президент реформалары ұзақ мерзімді нәтиже беріп, еліміздің дамуы үшін берік іргетасқа айналуда. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы облысының тұрғындарымен кездесуде айтты.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазғандай, кездесуде Мемлекет басшысының қоғам өмірінің барлық салаларында сапалы өзгерістерге бағытталған реформалары мен бастамаларын тиімді іске асырудың өзекті мәселелері мен нәтижелері талқыланды.
«Президент 1 қыркүйекте еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, нәтижесінде қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға арналған реформалардың жаңа пакетін ұсынды. Оң өзгерістердің маңызды шарты — азаматтық қоғамның белсенді қатысуы. Алматы облысының азаматтық сектор өкілдері үнемі белсенділік танытып, қоғамдық-саяси процестерге бей — жай қарамайтыны қуантады», — деп атап өтті Аида Балаева.
Өңірде жұмыс істейтін 600-ден аса ҮЕҰ және 36 ірі волонтерлік ұйым әлеуметтік маңызды жұмыстармен, соның ішінде ауылдық деңгейде де белсенді айналысады.


Министр Президенттің бастамалары ұзақ мерзімді нәтиже беріп қана қоймай, мемлекетіміздің дамуы үшін берік іргетасқа айналатынын, қазақстандықтардың болашағы жолында нақты нәтиже беретінін атап өтті.
Сондай-ақ Аида Балаева Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында ведомство қабылдаған шаралар туралы айтты.
Мәселен, азаматтар мен ҮЕҰ-ның мемлекет істерін басқаруға кеңінен қатысуына мүмкіндік беретін «Қоғамдық бақылау туралы» Заң қабылданды.
Креативті индустрияны дамыту жөніндегі жұмыс шеңберінде әрбір облыс орталығында және ірі қалаларда креативті индустрия орталықтарын қалыптастыруды қамтитын қолдау шараларының жеке пакеті әзірленуде.
Сарапшылар қауымдастығымен, сондай-ақ индустрия өкілдерімен бірлесіп авторлық құқық пен зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі бірқатар новеллаларды, креативті индустрия өкілдерін қолдау шаралары мен преференцияларды көздейтін заңнаманы өзгерту тәсілдері талқыланады.


Креативті индустрияларды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітіліп, жүзеге асырылуда. Үкімет креативті индустриямен байланысты 12 негізгі бағыт бойынша экономикалық қызметтің 43 түрін анықтады.
«Креативті индустрия саласын дамыту, ең алдымен, жастар үшін жаңа, табысы жоғары, қолжетімді жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар мен шалғай елді мекенде тұратын азаматтардың өзін-өзі қамтамасыз ету үшін тиімді салаға айналады. Олар отандық мәдениеттегі оң өзгерістердің негізін қалап, мәдениет қызметкерлерінің беделін нығайтуды қамтамасыз етеді», — деді ведомство басшысы.
Креативті индустрия бойынша 32 мың кәсіпкерлік субъектісінде 95 мың адам жұмыс істейді.
Министр Алматы облысы тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, олардың ұсыныстарын тыңдады.
Кездесуге қатысушылар Аида Балаеваға соңғы жылдары отандық киноиндустрияда шығарылып жатқан контентке назар аударуды сұрады.


Сонымен қатар, блогерлердің, әлеуметтік желідегі паблик әкімшілерінің жауапкершілігін күшейту, шындыққа сәйкес келмейтін және халықты адастыратын ақпаратты орналастыруға қатысты мәселе қозғалып, ұсыныстар айтылды.
Осыған байланысты министр шілде айында медиа заңнаманы жетілдіру мақсатында «онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заң қабылданғанын еске салды. Қыркүйек айынан бастап жалған ақпарат таратқаны үшін 20-дан 100 АЕК-ке дейін айыппұл және бір жыл ішінде қайталанған жағдайда-10 тәулікке әкімшілік қамауға алу көзделеді. Жалған ақпаратпен күрес жөніндегі бұл норма қазірдің өзінде жұмыс істей бастады. Үш жарым айда 150 ұйғарым шыққан.
Одан бөлек, халықтың діни сауатын арттыру, балалар әдебиетін басып шығаруға қолдау көрсету туралы сұрақтар да көтерілді.
Азаматтарды жеке қабылдау барысында ведомство басшысы жас мамандардың жалақысын көтеруге байланысты сұрақтарға жауап берді. Өңірдегі азаматтық сектор өкілдері тарихи және мәдени мұра саласындағы жобаларды іске асыруға қолдау көрсетуге шақырды.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу