Аида Балаева АҚШ елшісін «Масс медиа туралы» заң жобасымен таныстырды

12 желтоқсан 2023, 17:42

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниэль Розенблюммен кездесті
Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар елімізде  және АҚШ-та іске асырылып жатқан бағдарламалар мен бастамалар шеңберіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, өзара іс-қимылдың түрлі аспектілеріне, соның ішінде мәдени және ақпараттық жобаларға қатысты пікір алмасты. Аида Балаева Елшіге ақпарат, мәдениет, дін және азаматтық қоғам саласындағы белсенді әрі жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс білдіріп, «Масс-медиа туралы» заң жобасымен таныстырды.

«Біз диалогқа ашықпыз. Біздің тарихымыз бен мәдениетіміз өте бай, біз оларды шетелде танымал ету стратегиялық міндетін қойып отырмыз. Осыған байланысты Қазақстанның Америкадағы мәдениет күндерін ұйымдастыру, қазақ халқының ежелгі тарихы мен музей-қорықтар  туралы деректі фильмдер сериясын ағылшын тілінде жасау жөніндегі жобаны іске асыруға ұсыныс айтқым келеді. Бұл жобалар мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастығымызды тереңдетуге және мәдени мұраны насихаттауға, ғалымдарға еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге ықпал етуге, Қазақстанға туристерді тартуға орасан зор мультипликативтік әсер беретініне сенімдімін», — деді министр.

Сондай-ақ біздің тарап креативті индустрия саласындағы ынтымақтастыққа, балаларға арналған мультипликациялық және анимациялық фильмдер жасауға да қызығушылық танытты.


«Елшілік Министрліктің жергілікті және қазақ тілді БАҚ-пен мәдени контентті кеңейту жөніндегі жұмысын қолдайды. Сіздерді QazaqForum-да көреміз деген үміттеміз. Форум 2024 жылы мәдени байланыстар мен қазақ тілін дамыту мақсатында жетінші рет ұйымдастырылады», — деді өз кезегінде Дэниэль Розенблюм.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы мәдениет және ақпарат саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті.

JQ-Aqparat

 

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу