Ағабек Қонарбайұлы: Қасиетті мекенде киімді жарнамалау орынсыз әрекет

25 қантар, 16:35

Әнші Жазира Байырбекова Умра сапарында діни парызын өтеп жүр. Қасиетті мекенде жүрген өнер иесі инстаграм парақшасына хиджабтың орнына қазақтың ұлттық киімін киіп көпшіліктің назарын аудартқан видеосын жариялады.
«Қазағымның ұлттық құндылықтары жоғалмаса екен деп тіледім. Қасиетті мекенде ұлттық киім киюдегі мақсатым да осы еді», — деп жазды әнші.

7000-нан аса пікір жазылған аталмыш видео желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.

«Қасиетті мекенде олай назар аудартуға болмайды, егер дін жолын тереңірек білсеңдер», «Меніңше, ерсі сияқты, подиумда жүргендей», «Өз елдеріңде таратсаңдаршы бірінші осылай, мода көрсетуге бардың ба», «Қасиетті мекендегі мақсатың құлшылық болсын, сән көрсету емес», «Сендерге Мекке де ойыншық болды ғой, ойыларыңа келгенді істеп», — деп жазды олар.
Соңғы кезде өнер жұлдыздарының Умра сапарынан видео жариялап, тіпті жылаған сәттерін де көрсететін видеолар көбейді. Жұлдыздардың бұл әрекеті қаншалықты дұрыс? Jasqazaq.kz тілшісі Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының осы мәселеге қатысты пікірін білді.

«Әрине кез келген адам Мекке мен Мәдине қаласына барып, мұсылмандық парызын өтейді. Біріншіден адамның Меккеге келіп парызын өтеу ниеті жүрегінде болғаны қуантады. Екіншіден, қасиетті мекенге Ибрахим, Мұхаммед пайғамбарларымыз жатқан жерге барып кіші және үлкен қажылығын өтеуі жақсы нәрсе. Бұл жерде ұлы сапардан өзіне тиісті сабақ, өнеге, тәрбие алып қайтуы керек. Өнер адамы болсын, басқа болсын сол сапардан үлкен тәрбие алып қайтқаны жөн. Умра сапары бұл туристік сапар емес. Сонымен қатар адамдар әрбір әрекетін көрсетуі тиіс сапар емес. Мұнда ізгі амалдар жасырын түрде жасалады. Өйткені бұл адаммен Алла арасындағы амалдар. Оны жарияға көрсету шарт емес. Әлеуметтік желіге не ішкенін, не жегенін, қайда жүргенін сала беру дертке айналды. Қасиетті мекенде киімді жарнамалауды орынсыз әрекет деп санаймын. Адамдар көрсін деген ниетпен намаз оқу, садақа беру, жақсылығын жария ету де дұрыс емес. Өйткені ізгі амалдар жасырын жасалады».

JQ-Aqparat

Бүгін, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
Бүгін, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу