jasqazaq.kz

Африканың ең бай адамы Арсенал клубын өзбек олигархынан сатып алмақшы

18 тамыз 2017, 17:13

Африканың ең бай адамы Алико Данготе лондондық «Арсеналды» сатып алу туралы ниеті бар екенін жеткізді деп хабарлайды шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оның сөзінше, қазір ол Нигерия аумағында мұнай өңдеу зауытының құрылысымен айналысуда.

«Сол жұмысым біте салысымен бірден «Арсеналға» кірісемін. Тіпті клуб сәтсіздіктерге тап болып жатса да, мен оны қолдаймын. Олар үздік команда, егер оның иесі болсам, жағдайы одан әрі жақсара түседі», — дейді Данготе.

Бизнесмен клубты қазіргі иелері америкалық Стэн Кронке (акцияның 67 %) мен ұлты өзбек Әлішер Усмановтан (акцияның 30%) сатып алуға мүмкіндігі жететініне сенімді.

«Егер оларға жақсы ұсыныс тастаса, олар орындарын босататына сенімдімін. Оларға лайықты ұсыныс жасайтын адам табылады», — дейді Данготе.

Мамыр айында Усманов Кронкеге «Арсенал» акцияларының бақылау пакетін 1,3 млрд еуроға сататынын жеткізді, алайда ұсыныс қабылданбады.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда