jasqazaq.kz

АЭС: Электр энергиясынсыз болашақты елестету мүмкін емес

29 шiлде 2024, 18:40


Энергетика министрлігі Ядролық физика институты Ақсай филиалының рациондық қауіпсіздік тобының басшысыҚазақстанымыздың болашағын ойлайтын халқым үшін үндеу тастамақшымын! Қазақстан уран өндіру бойынша әлемдік алдыңғы деңгейде. Сондықтан АЭС атом электр станциясын салу жолындағы жасалынып жатырған жұмыстарына ризамын, үнемі оқып, танысып отырамын, сарапшыларымызға сенім артамын, АЭС салынуын қолдаймын.

Ел басымыз халықпен талқылау үшін референдум өткізуге тапсырыс бергендігі де болашақ үшін жауапкершілік деп дұрыс қабылдаймын. 30 жылда көзі ашық көкірегі ояу азамат – азаматшаларымыз, ұл-қыздарымыз өз ойларын, оң пікірлерін айтып, қолдауларын көрсететіндігіне сенемін. Халықымыздың пікірі болашақ үшін маңызды. Нағыз жасыл экономиканы қолдаймыз. Осы дамыған заманда ақпарат көздері АЭС жасыл экономика екендігіне дәлел деп отыр, оқыңыздар, көріңіздер, өз ара талқылаңыздар Қазақстанымыздың болашағы әрбір азамат, азаматшаларымыз үшін жауапты кезең референдумға дұрыс шешім, ашық көз қарас болуы керек. Сіз болып, біз болып дұрыс шешім қабылдау үшін ат салысайық, болашақ халықтың шешімінен тәуелді болып тұр.

Мамандар да өз дәлелдерін келтіріп, тәжірибелі мамандарымыз халық алдына шығып, кездесулер өткізіп жатырғаны да бұл мәселенің ауқымды, болашақ үшін қажетті, маңызды екендігін ұқтырады. Қаншама ғалымдарымыз еліміздің дамуы үшін аяңбай еңбек етіп жүргендігін көпшілік біле бермейді, бағалай алмайды немесе хабары жоқ. АЭС мәселесі бұрыннан көтеріліп келеді. Қазір өзекті мәселе нақты саламыз деп мәселені қолға алып көтергелі мамандар халық алдына шығып, танылып жатыр. Бірнеше жыл бойы ғылым мен айналысып, шәкірт тәрбиелеп жүрген ғалым мамандарымыздың еңбектерін ел бағаласын. Болатын елдің балалары бірін-бірі батырым дейді, Ғалымдарымызды, батырым деп қолдау көрсетемін, жоспарларыңызға сәттілік тілеймін, сіздерге үлкен сенім артамын, жасыл экономикалы ел боламыз деп халқыма үндеу жасаймын. Халқыма ақпарат дамыған уақытта АЭС туралы ақпарат жеткілікті, түсінікті деп ойлаймын, қолдау жасайтындықтарына сенемін.

Бәрімізді де болашағымыз алаңдатады, қазір электр энергиясынсыз болашақты елестету мүмкін емес. АЭС салынуын қолдаймын!

Гауhaр Бүркітова,
ЭМ Ядролық физика институты Ақсай филиалының рациондық қауіпсіздік тобының басшысы

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Буркутова Г. (@g.burkutova)

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр