jasqazaq.kz

Қадір түнін шай ішіп, өсек айтып өткізгендердің алатын «сауабы» (видео)

20 маусым 2017, 17:10

Маусымның 21-інен 22-сіне қараған түн – Қадір түні. Рамазан айының қасиетті Қадір түнін қалай өткізген абзал? Сауабы қандай болмақ? Бұл сұрақтардың жауабын дінтанушы Ризабек Батталұлы берген екен.

«Рамазан айының соңғы он күндігін бастадық. Мың айдан да қадірлі болған Рамазан айының қасиетті Қадір түніндегі сауапты баршамызға нәсіп етсін. Сондықтан осы мүмкіндіктен айырылып қалмаңыздар. Ол қандай мүмкіндік? 83 жылға тең мүмкіндік. Сондықтан құр шай ішіп отырмай, түнді намазбен, құлшылықпен, зікірмен өткізген абзал», — дейді Ризабек Батталұлы.

Оның айтуынша, егер Қадір түнін намаз оқып өткізген болсаңыз, онда 83 жылдың сауабын аласыз. Ал зікір айтқан болсаңыз, 83 жылғы зікірдің сауабы жазылады. Құран оқып өткізсеңіз, 83 жылғы мың айдан да қадірлі Құранның сауабы беріледі.

«Ал егер шай ішіп отырсаңыз, 83 жыл бойы шай ішкеннің «сауабы» беріледі. Әңгіме айтқандарға 83 жылғы әңгіменің «сауабы» нәсіп болады. Қадір түнін күтіп отырмын деп, өсек айтып отырсаңыз, 83 жылғы өсектің «сауабы» жазылады. Сондықтан ғайбат айтпай, құлшылықпен өткізу керек», — деп түсіндірді ұстаз.

«Біз келесі айға жетеміз бе, жетпейміз бе, білмейміз. Ондағы мақсат адамды өліммен қорқыту емес. Мақсат – мың айдан қадірлі болған түнге жету. Біз 83 жыл Аллаға ғибадат қыла алмаймыз. Ал құдай саған сондай мүмкіндік беріп отыр. Егер сол түнге дәл түссең, 83 жылға тең ғибадат жасаған боласың. Сауап аласың», — деп түсіндеді ол.

 

baq.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда