jasqazaq.kz

Әділет министрлігі: Караоке- барларды тексеруге қатысты ақпарат бұрмаланған

21 желтоқсан 2023, 14:03

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли авторлардың құқығын бұзатын караоке-барларды жаппай тексеруге қатысты пікір білдірді.
«Күні кеше кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында «Әділет министрлігі караоке-барларда айтылатын әндер үшін жаппай тексеріс жүргізіп, авторлық құқықтың бұзылғаны туралы хаттама толтырып, айыппұл салады» деген ақпарат тарады. Бұл ақпарат сәл бұрмаланған», — деді ресми өкіл.
Оның атап өтуінше, караоке-барларда орындалатын ән үшін автормен келісім жасалып, 3 АЕК мөлшерінде жарнасы төленуі керек. Содан кейін ғана орындауға болады. Тіпті, бұл үшін Қылмыстық кодекс аясында жауапкершілік те қарастырылған.
«Бірақ Әділет министрлігі «караоке-барларды тексереді, жабады, қысым көрсетеді» деген әңгіме шындыққа жанаспайды. Керісінше қазір Әділет министрлігі авторлық құқықтың бұзылуын Қылмыстық кодекстен Әкімшілік кодекске ауыстыруға, яғни қылмыс деп танымауға белу буып отыр. 2024 жылдан бастап осы жұмыстарға кіріседі. Қандай да бір авторлық құқық бұзылса, онда әкімшілік жауапкершілік қарастырылатын болады. Ал караоке-барларға қатысты Әділет министрлігі қандай да бір тексеру өткізбейді. Дегенмен қоғамдық жерде ән не шығарма орындалып, сол туындының авторы құқығының бұзылғандығын айтып, Әділет министрлігіне шағымданса, онда заң аясында тексеріс жүргізіледі. Караоке-барларда көбіне халық әндері, жекелеген авторлардың әндері орындалады. Егер ән авторының қайтыс болғанына 70 жылдан астам уақыт өткен болса, ол халықтың қазынасы ретінде танылып, орындалғаны үшін ешқандай айыппұл салынбайды», — деді Талғат Уәли.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?