Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Алматыдағы Әділет департаментінің ғимаратын қоршауға алды.
Nur.kz хабарлағандай, ІІД өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, оларға департамент ғимаратында жарылғыш зат бары туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына жедел әрекет ету қызметі келіп жеткен. Аймақты қоршауға алған сәттегі видео Instagram желісінің @kris_p_almaty парақшасында жарияланды.