jasqazaq.kz

Адам өлтіріп, мәйітті бөлшектеген

24 қантар 2018, 13:11

Солтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында танысын өлтіріп, денесін бөлшектеген Петропавл тұрғынына үкім шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдары бойынша, былтыр шілдеде петропавлдық М.Макентаев өзінің пәтерінде танысымен бірге ішімдік ішеді. Олардың арасында жанжал шығады. Макентаев пышақпен қонақтың басы мен мойнынан жарақаттайды. «Қылмысын жасыру мақсатында М.Макентаев 28-29 шілде аралығында қол арамен мәйітті бөлшектеп, оларды полимерлік пакеттерге салады. 2017 жылдың 30 шілдесінде оны пәтерден алып шығып, орманға апарып тастайды», — делінген іс материалдарында. М. Макентаев 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режімдегі түрмеде жазасын өтейді. Зардап шегуші тарапқа моральдық шығыны ретінде 2 млн теңге өндірілді.

 

12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды