Белгілі актер Әбунасыр Серіковтың жалаңаш суретімен танылған Шырын Наршаеваға ұқсайтын бір қызбен бірге киноға түспеймін деп ашуланып, қолындағы қағаздарды лақтырып жіберіп кетіп қалғаны туралы видео әлеуметтік желіге тарап кетті.
Әлгі қысқа-нұсқа бейнекөріністе Әбунасыр «Тәрбиелік мәні бар дүние түсірмейсіңдер ма? Мынау не?» — деп ашуланады. Қарсы алдындағы қыз да бірдеме дейді. Әбунасыр сол жерде «Сен қазірдің өзінде мені жасы үлкен адам деп құрметтеп отырған жоқсың. Мұндай киноға түспеймін» деп орнынан тұрып кетеді. Біз «Бауыржан шоудың» баһадүрлерінің бірі болған, «Нысана» театрының жетекшісі болған Әбунасыр Серіковқа телефон шалдық. Әртіс киноға түсіп жатқанын айтып, сұхбат беруден бас тартты. Сонда да қоймай «Сізге сценарий ұнамай қалды ма? Жоқ әлде әріптес қыз ба?» — дедік. Ол «Мәселе сцнарийде емес. Оны бір ауыз сөзбен айта алмаймын» — деп телефонын өшіре салды.