26 қыркүйекте Астанада салынып жатқан «Абу-Даби Плазада» мұнара кранының тілі сынып кетіп, жоғарғы қабаттың арқанына ілініп қалды, деп хабарлайды Today.kz.
Ақпаратты ҚР ІІМ ТЖҚ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
Оқиға 05:00-дердің шамасында болған.
«Барлық жауапты бөлімшелер оқиға орнында. Демонтажды құрылыс ұйымы істеуі тиіс. Құтқарушы бөлімшелерге келсек, біздің қызметкерлеріміз толықтай дайын, керек кезде жұмысқа кіріседі», — деді Иманқұлов.