jasqazaq.kz

Абай облысында екі адам табылмай жатыр

27 наурыз 2024, 14:16

Абай облысы Аягөз ауданында өзенде қалған екі адамды іздеп жатыр.

26 наурызда Аягөз ауданында 66 және 38 жастағы екі адам «МТЗ 82» маркалы трактормен Борлы өзенінен өту кезінде жоғалып кеткен. Олар «Шалқар» қосалқы шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай жолға шыққан.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ер адамдар жолды қысқарту үшін өзен арқылы өтпек болған. Алайда өзен ортасында тұрып қалған. Оқиға орнына келген құтқарушылар адамдарды таппады.

Іздестіру жұмыстарына Абай облысының ТЖД, Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен әскерилерден жалпы саны 41 адам, 4 жүзу құралы, 5 техника, 3 пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?