jasqazaq.kz

Абай облысы Кәсіподақтар орталығы жаңа Конституция жобасын түсіндіру бойынша өңірлік кездесулер өткізді

09 наурыз, 14:03

2–6 наурыз аралығында Абай облысының Кәсіподақтар орталығы жаңа Конституция жобасын түсіндіру бойынша жұмысшы коалициясының құрамында өңірдегі еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізді.
Жұмыс сапары барысында Кәсіподақтар орталығының төрағасы Қуаныш Сүлейменов «Силикат» ЖШС, «Теплокоммунэнерго» КМК, «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС, Шалабай ауылындағы Н.Крупская атындағы орта мектеп, сондай-ақ Шар қаласындағы «Қамқор Локомотив» ЖШС «Шар локомотив жөндеу депосы» филиалына барып, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін жан-жақты түсіндірді.
Кездесулер барысында Қуаныш Сүлейменов ұсынылып отырған өзгерістерді қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізіп, өмірлік мысалдар келтіре отырып, олардың азаматтар мен еңбеккерлер үшін маңызын көрсетті. Арнайы назар Қазақстан Халық Кеңесіне аударылды. Бұл жаңа орган халықтан заң шығаруға бастама көтеру құқығымен қамтамасыз етілген. Қуаныш Сүлейменов бұл қадамды азаматтардың заң қалыптастыруға және елдің дамуына әсер ететін маңызды шешімдер қабылдауға қатысуын күшейтудің маңызды кезеңі деп атап өтті.
Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер алды.
Жұмыс сапарының соңында Қуаныш Сүлейменов барлық азаматтарды белсенді азаматтық ұстаным танытып, 15 наурыз күні дауыс беруге қатысуға шақырды. «Әрбір азаматтың қатысуы елдің болашағы үшін маңызды», – деді ол.

JQ-Aqparat

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді