jasqazaq.kz

Абай Бегейдің құдағиы: Артық сөз, өсек-әңгіме керек емес!

20 тамыз 2024, 12:32

16 жастағы қызы тұрмысқа шыққан танымал әнші Абай Бегейдің қызы ел аузында әлі талқыланып жатыр. Жас келіннің су жаңа енесі әлеуметтік желіде халыққа үндеу жасап, дауды тоқтатуды сұрады.

“Біздің келініміз – болашақ тіс дәрігері. Сол мамандыққа түсті. 1 қыркүйектен бастап, оқуына балам екеуі кетеді. Мен оларды ұстамаймын. Алматы қаласында тұрады. Оқуларына ештеңе кедергі болмайды. Халық “Сымбатты әлі жас, келін болуға дайын емес” деп жатыр. Мен өзім бәрін басынан бастап үйретемін. Өзім де тіс дәрігері болғандықтан, сабағына да көмектесемін. Алматыға өзім де еріп барамын. Сіздер ол үшін қиналмаңыздар! Келінімді қызымнан артық көрмесем, кем көрмеймін. Бұл тойды бір жылдан бері күттік. Қатты дайындалдық. Артық сөз, өсек-әңгіме керек емес”, – деп жазды өнер иесінің құдағиы.

Сонымен қатар ҚМДБ өкілдері әнші Абай Бегейдің қызының некесіне қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа пікір білдіріп, некені мешіт имамдары қимағанын мәлімдеді.

“Ақтау қаласында кәмелет жасқа толмаған қыздың некесіне қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі төмендегіні мәлімдейді:

Неке қию рәсімі мешітте болмағаны анықталды. Мешіт имамдары кәмелет жасқа толмаған қыздың некесін қимаған. Мешітке келіп, құлшылық үйін аралауға, ауласында суретке түсуге шектеу қойылмайды. Жастардың мешітке келіп, естелікке суретке түскені белгілі болды”, – делінген ресми мәліметте.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?