Абай Бегей өзінің өмірден озған жарына арнап «Жанатым» деп аталатын жаңа әнін тыңдарманға ұсынды. Әнді тыңдаған жұр әншінің қайғысына ортақтасып, көз жасын тыя алмады.
Бұдан дәл екі жыл бұрын танымал әнші Абай Бегейдің жары Жанат өмірден озған болатын. Қайғылы хабарды әнші қажылыққа бара жатқан кезде естіген болатын. Осылайша ол Алла жолындағы парыз болып саналатын сапарын амалсыз кейінге қалдырған болатын.