jasqazaq.kz

Абай ауылында 7 жасар баланы зорлау ісі сотта қайта қаралды

07 наурыз 2019, 11:54

Қоғам белсендісі Аружан Сайын Түркістан облысы Абай ауылында зорланған 7 жастағы баланың ісіне қатысты тың деректермен бөлісті. Ол бұл жайында Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазған.

Аружан Сайын жазғандай, 2019 жылдың 5 наурызында Түркістан облыстық сотында апелляциялық сот отырысы болған. Үкім өзгеріссіз қалыпты. Бұдан бөлек, сот коллегиясы бастапқы тергеу кезінде лауазымды тұлғалардың жәбірленуші құқығын бұзғаны туралы қаулы шығарады.

Қазір бала анасымен бірге Алматыда тұрып жатыр екен, мектепте оқитын көрінеді.

«Әжесі мен тәтесі Абай ауылында тұрып жатыр, пәтерді сатпай Алматыға көшпейміз деп отыр. Олар үйді қараусыз қалдырса, жарамсыз деп танып, кейін сата алмай қаламыз ба деп қорқады. Пәтерден түскен ақшаны Алматы шетінен баспана алу үшін ипотекаға жарна ретінде пайдаланбақ», — деп жазды Аружан Сайын.

Қоғам белсендісі баланың анасы мен туыстарының атынан отбасыға әділдік орнатуға көмектескен барлық жанға, лауазымды тұлғалар мен құзырлы органдарға алғыс білдірді.

«Түркістан облысы Қазығұрт ауылындағы баланы зорлау ісі де әділетті тергеледі деп сенеміз. Анасы сараптама жасатқызуға мәжбүр болған еді, қазір нәтижесі белгілі болды», — деп Аружан Сайын тағы бір жасөспірімнің ісі жөнінде айтып өтті.

Дереккөз: sputnik

25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр