jasqazaq.kz

Ақжүрек Таңатаров: «Ендігі мақсат – әлем чемпионатында үздік атану» (видео)

16 мамыр 2017, 11:30

70 келі салмақта еркін күрестен Азия чемпионы атанған Ақжүрек Таңатаров Алматыға келеді дегенді естіп, бір топ журналистер Үндістан астанасы Нью-Делиден Алматы халықаралық әуежайына қонған ұшақты күтіп алуға асыққан-ды.

— Ақжүрек, барша отандастарымызды қуанттыңыз. Туған елге жеңіспен оралып жатырсыз.Көңіл-күй қалай?
— Жеңіспен оралғаннан кейін жақсы әсер алдық. Өте қуаныштымын. Көңіл күй керемет.
— Қарсыластарыңыз жайлы айта кетсеңіз…
— Моңғолиялық палуанмен алғашқы белдесуімде жеңіске жеттім. Өте күшті екен. Азия чемпионатына тас-түйін болып келгені көрініп тұрды. Алайлда намысты қолдан бергім келмеді. Айқын басымдықпен жеңдім. Жартылай финалда жапониялық спортшы Момоджиро Накамураны 11-7 есебімен ұттым. Финалдық белдесу ең күрделі болды десем, артық айтқаным емес. Көршілес елдің өкілі әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері өзбек Ихтиор Наурузовты тізе бүктіріп, Азия чемпионатының алтынын еншіледім.
— Алда қандай дүбірлі додалар күтіп тұр?
— Оқу-жаттығу жиындарын, әдеттегідей өткізе береміз. Жаздың соңында Париждеәлем чемпионаты өтеді. Жауапты жарысқа сақадай сай болып дайындалу керек.
— Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысу жоспарда бар ма?
— Оны көре жатармыз. Бастысы,әліуақыт бар. Қазіргі сәтте ойымда тек осы жылдың турнирлері тұр. Оның үстіне келесіжылы Азия ойындарына қатыссам деймін. Олимпиаданың алтыны – әр спортшының арманы. Қала берді, ел намысы тағы бар. Лондонда алған жүлдем бар ғой.Азияны да бағындырдым деуіме болады. Енді әлем чемпионатында бақ сынаймын. Осы додада жүлделі үштікке ену – басты мақсат болмақ.
— Салмақауыстыруойыңызда бар ма?
— Олимпиада ойындарынанкейін 74келігеауысқанмын. Дегенменбұлсалмақ мен үшінауырболды. Қазір 70 келідебелдесіпжүрмін. Осы салмақпен Азия чемпионы атандым. Соңғыүшжарыста да жақсынәтижекөрсетіпкелемін.
— Әдетте спортшылар жеңісін біреуге арнап жатады. Сіз кімге арнайсыз?
— Басты тілеулесім – отбасым. Жеңісімді отбасыма арнаймын, әрине. Туыстарымның қолдауын сезіндім.Ғаламтордажерлестерім ақ тілектерін арнап, толассыз хат жазып жатты. Баршаңызға алғыс білдіремін!

Сұхбаттасқан Нұрлан Балғалиев

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда