«Қазақстандық сайттардың бірінде елді елең еткізген хабарландыру пайда болды. Ағзасын 17 млн теңгеге сатпақшы болған жігіттің хабарламасы астаналық тұрғындарды шошытты деп хабарлайды NUR.KZ.
Әрі қарай автордың өз сөзі бойынша хабарландыруды толықтай береміз, тыныс белгілері сақталған.
әлеметсіздерме, мен қазақпын, жынысым еркек, бұл іске басқа амалым болмаған соң барып отырмын. Маған жедел түрде ақша қажет. Сондықтан өзімнің барлық ағзаларымды, сонымен қоса жүрегімді сатпақшымын.
Егер донор қажет болса, мен дайынмын. Шылым шекпеймін, ішімдік ішпеймін. Салауатты өмір салтын ұстанамын. Спортпен айналысамын.
Тіпті кез келген қылмыскердің қылмысын өз мойныма алып, түрмеде отырып шығуға дайынмын. Түсінгендеріңізге рақмет», — деп жазады Талап есімді белгісіз адам.
Астаналықтарды хабарландыру қатты шошытты, тіпті желіде бірлесіп көмек қолын созайық деушілерде пайда болды.
Алайда, автордың жазуындағы қателіктердің көп болғандығынан, көпшілік желі қолданушыларды бұны жай ғана әзіл деп қабылдайтындықтарын айтып, алдымен жігіттің өзімен сөйлесуді ұсынды.