jasqazaq.kz

Аңызға айналған бразилиялық футболшы түрмеге отыруы мүмкін

24 тамыз 2017, 15:43

Рио-де-Жанейроның әділет юстициясы мадридтік «Реалдың» және Бразилия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Роберто Карлосқа үкім шығарды, — деп хабарлайды «Р-Спорт» сайты Marca порталына сілтеме жасап.

Спортшы екі баласына үш ай бойы алимент төлемеуден жалтарған. 2002 жылы әлем чемпионы болған 44 жастағы Карлос бірнеше рет үйленген және жақында тоғызыншы баланың әкесі атанды. Бұрынғы некесінен туған балалрға ол жалпы 20 000 доллар қарыз болып отыр. «Реалдың» Азия мен Океянидағы елшісі болып келетін Карлос қаржылай қиындықтар көоіп отырғанын алға тартты. Аstroawani.com порталының мәліметі бойынша, судья Майя де Кастро бұрынғы футболшының қарызды бөліп төлеу ұсынысын қабылдамаған. Ал спортшының адвокаты мәселе түрмеге қамау жазасынсыз шешілетінін айтқан болатын. Роберто Карлос — Чемпиондар лигасында 100 аса рет ойнаған 19 футболшының бірі. Карлос жылдамдығымен және алыстан соққы жасау өнері арқылы танымал болды. Ұзақ жылдар бойы соққы күші бойынша рекорд иесі болып келді — сағатына 198 шақырым. Кейін бұл рекордты германиялық футболшы Лукас Подольски жаңартты — сағатына 201 шақырым.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда