Үкімет отырысынан соң ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры төңірегінде туындаған дауға қатысты жұмыс жасалғандығын айтты.
Журналистердің зейнетақы қорындағы қаржыға қатысты сауалына Данияр Ақышев: «Ертең Алматыда баспасөз мәслихаты өтеді. Барлық сұрақтарға сонда жауап береміз. Бұл ақпаратпен жұмыс жасап жатырмыз. Барлық ақпаратпен Үкімет, Премьер-Министр, Мемлекет басшысы хабардар болуы тиіс. Содан соң шешім қабылданғаннан кейін Ұлттық банк ол ақпаратты Сіздерге айтатын болады», — деді.