jasqazaq.kz

Ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы көбейеді

10 тамыз 2017, 15:27

Оқушыларға пәнді ағылшын тілінде үйрететін мұғалімдердің жалақасына базалық лауазымдық қызметақысының 200%-ын құрайтын үстеме қосылады, деп мәлімет берді ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова үкіметтегі баспасөз мәслихатынан соң.

«Тиісті қағидалар бар. Егер мұғалім дайындықтан өтіп, ағылшын тілін меңгеріп, жоғары сыныптарда, мәселен, химия, биология, физика пәндерін ағылшын тілінде жүргізсе, қосымша ақы төленеді. Базалық лауазымдық қызметақысының 200%-ы, яғни жалақысына 35 мың теңгедей қосылады», — деді Асылова БАҚ сұрақтарына жауап беріп.
Бүгінде оның сөзіне сүйенсек, ағылшын тілінде сабақ бере алатын мұғалімдердің нақты саны жөнінде мәлімет жоқ.

«Біз деректер жинап жатырмыз, себебі ағылшын тілінде білім алған ЖОО түлектері бар. Қыркүйек айы басталғанда тізім жасалып, нақты ақпаратты ұсына аламыз», — деп атап өтті вице-министр.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Ерлан Сағадиев биылғы оқу жылынан бастап тәжірибе жүзінде 500 сынып өз ықтиярымен ағылшын тілінде білім алатын болады.

sputniknews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда